Дайын бренд · Құқықты беру (уступка)

Тіркеуді күтпей, дайын тауар белгісін сатып алыңыз

Мемлекеттік тізілімнен сізге сай тіркелген белгіні іздеп табамыз, иесімен келісеміз және құқықты Казпатент арқылы сіздің атыңызға ресми түрде ауыстырамыз.

Бренд іздеуге өтінім Тіркеуден айырмашылығы
Жаңа белгіні тіркеу ≈ 7 ай алдын ала және толық сараптама
Дайын белгінің құқығын беруді тіркеу 10 жұмыс күні Казпатенттегі мерзім; іздеу мен келіссөз уақыты бөлек

Жаңа тіркеу ме, дайын белгі ме?

Дайын белгі уақытты үнемдейді, бірақ атауды тізілімде бар белгілерден таңдайсыз. Атауыңыз нақты болса, жаңа тіркеу тиімдірек болуы мүмкін.

Жаңа тіркеуДайын белгіні сатып алу
Мерзім≈ 7 ай, сараптама нәтижесіне байланыстыІздеу мен келіссөз + Казпатентте 10 жұмыс күні
АтауӨзіңіз ойлаған кез келген атауТізілімде бар белгілерден таңдалады
Сараптамадан бас тарту тәуекеліБар: ұқсас белгі табылса, бас тартуы мүмкінБелгі тіркеліп қойған; біз оның күшін тексереміз
ШығындарРесми баж + iKasp қызметіБелгінің бағасы + ресми баж + iKasp қызметі
Кімге қолайлыАтауы нақты, күтуге уақыты барМаркетплейске тез шығатын, атауы бос болмай шыққан

Қалай жұмыс істейміз

Бізде дайын белгілер қоры жоқ: әр клиентке белгіні жеке іздейміз. Сондықтан тек сіздің салаңызға сай нұсқаларды ұсынамыз.

  1. 01

    Бриф

    Саланы, тауарларыңызды, бюджет пен мерзімді анықтаймыз.

    Сыныптар тізіміТҚХСЖ бойынша
  2. 02

    Тізілімнен іздеу

    Мемлекеттік тізілімнен сізге сай тіркелген белгілерді іріктейміз.

    Нұсқалар тізіміатау, сынып, мерзім
  3. 03

    Тексеру

    Әр нұсқаның күшін, сыныптарын және тәуекелдерін тексереміз.

    Тәуекел бағасытөмен · орташа · жоғары
  4. 04

    Иесімен келіссөз

    Белгі иесімен байланысып, баға мен шартты келісеміз.

    Келісілген бағаиесімен
  5. 05

    Шарт және өтініш

    Құқықты беру шартын дайындап, Казпатентке тапсырамыз.

    Казпатентте тіркеу10 жұмыс күні ішінде
  6. 06

    Белгі сіздікі

    Тізілімде иесі ретінде сіз көрсетілесіз.

    Құқық сіздетіркелген күннен бастап

Құны неден тұрады

1 · Іздеу 10 000 ₸

Бриф, Мемлекеттік тізілімнен сізге сай белгілерді іздеу және тексеру. Нәтижесі — нұсқалар тізімі.

Іздеу ақысы жасалған жұмыс үшін төленеді: тізілімде өзіңізге ұнайтын белгі болмауы мүмкін.

2 · Уступканы рәсімдеу 50 000 ₸

Иесімен келіссөз, құқықты беру шартын дайындау, Казпатентке тапсыру және тіркелгенше сүйемелдеу.

Белгінің бағасы Иесімен келісіледі

Белгі иесіне төленеді. Бюджетіңізді алдын ала айтсаңыз, сол шекте іздейміз.

Казпатенттің ресми бажы 58 259,55 ₸

Бір белгіге құқықты беру шартын тексеру және тіркеу, ҚҚС-пен. Әр қосымша белгіге +14 344,64 ₸. Дереккөз: kazpatent.kz, 2026 жылғы тарифтер.

Білу маңызды

Ашық айтамыз, кейін күтпеген жағдай болмауы үшін.

Ұнайтын белгі табылмаса ше?

Бұл жиі болады: тізілімдегі белгілердің атауы немесе сыныптары үнемей қалады. Онда сізге жаңа атау ойлап, оны тексеріп, Казпатентте тіркеуді ұсынамыз. Іздеу кезінде белгілердің қайсысы бос емес екені де белгілі болады, сондықтан жаңа атауды таңдау жеңілдейді.

Белгі иесі сатуға келіспесе ше?

Тізілімдегі әр белгі сатылмайды. Иесі келіспесе, басқа нұсқаны ұсынамыз немесе жаңа белгіні тіркеуді ұсынамыз.

Құқық маған қашан ауысады?

Казпатент құқықты беру шартын тіркеген соң. Тіркеуге дейін белгі бұрынғы иесінікі болып қалады, сондықтан төлем тәртібін шартта алдын ала бекітеміз.

Тек керек сыныптарды сатып алуға бола ма?

Иә, құқықты ішінара беруге болады: Казпатентте ішінара беру шартының ресми үлгісі бар. Қай тауарлар мен қызметтер сізге өтетінін шартта нақты жазамыз.

Логотипті өзгертуге бола ма?

Белгі тізілімдегі түрінде қорғалады. Жаңа дизайн жасасақ, оны қорғау үшін жаңа өтінім қажет болуы мүмкін; әр жағдайда тексеріп, айтамыз.

Тіркеуге кепілдік бересіздер ме?

Шартты тіркеу туралы шешімді Казпатент қабылдайды. Біз құжаттарды Казпатенттің талаптарына сай дайындап, процесті соңына дейін сүйемелдейміз.

Қандай бренд керек екенін жазыңыз

Салаңызды, тауарларыңызды және бюджетіңізді айтыңыз. Іздеу — 10 000 ₸, нұсқалар тізімін жібереміз.

WhatsApp-қа жазу WhatsApp: 8 777 571 10 99

Атауыңыз дайын болса немесе тізілімнен ұнайтыны табылмаса — жаңа белгіні тіркеу.