Брендбук жасасақ, брендім қорғалады ма?
Жоқ. Брендбук брендтің бірыңғай көрінісін қамтамасыз етеді, бірақ құқықтық қорғау бермейді. Белгіні заңды қорғау үшін оны Казпатентте тауар белгісі ретінде тіркеу керек. Біз екеуін де бір пакетте жасаймыз.
Неге алдымен іздеу жүргізесіздер?
Ұқсас белгі бұрыннан бар болса, Казпатент тіркеуден бас тартуы мүмкін. Дизайнды тексерілген атауға жасасақ, кейін қайта жасауға ақша мен уақыт жұмсамайсыз.
Тіркеу қанша тұрады?
Ресми баж Казпатент тарифі бойынша есептеледі және сыныптар санына, өтініш берушінің санатына байланысты. Жоғарыдағы кестеде 3 сыныпқа дейінгі сомалар бар. iKasp қызмет ақысы ресми баждан бөлек көрсетіледі.
Жұмысымды Instagram-да көрсетесіздер ме?
Тек сіздің жазбаша келісіміңізбен және белгіңізге Казпатентке өтінім берілгеннен кейін ғана.
Тіркеуге кепілдік бересіздер ме?
Шешімді Казпатент сараптамасы қабылдайды. Біз тәуекелді алдын ала бағалаймыз, өтінімді қатесіз дайындаймыз және сараптама барысында толық сүйемелдейміз.